«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 431 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 431 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 471-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:

«Жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері» деген 1-бөлім алынып тасталсын;

«Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын объектілер» деген 2-бөлімде:

тақырыптағы «2» деген сан алынып тасталсын;

реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5, 6, 14, 15-жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірі 9-жолдың 2-бағанындағы «Қорғас-Сарыөзек» деген сөздер «Қорғас-Жетіген» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 18-жолдың 3-бағанындағы «Алматы қаласының әкімдігі» деген сөздер «ККМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19, 20-жолдармен толықтырылсын:

 

 «19.

Атырау облысындағы интеграцияланған мұнай-химия

кешенін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету объектілері

ЭМРМ

20.

Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы

Маңғыстау облысының әкімдігі ».

 

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов